Оқиға • 10 Маусым, 2024

Қызылордада ірі қылмыстық топ қолға түсті

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның келісімімен өңірдегі қылмыстық ахуалға теріс ықпал еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада ірі қылмыстық топ қолға түсті

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, қамауға алудың алдында жедел тергеу жүргізілген. Олардың қылмыстық әрекеті туралы айғақтарды жинау қиынға түскен. Барлық фактілер тексеріліп жатыр.

«Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.