Фото: Tengrinews.kz
«Төтенше жағдайлар қызметі 10 маусым мен 11 маусым аралығында 35-36 градусқа дейін ыстық болатын дауылды ескертуге байланысты Алматы таулы аймақтарына келушілерді от жақпауды және темекі тұқылын тастамауды, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Облыста IV дәрежелі өрт қауіптілігі жоғарылағаны атап өтілді.
Сондай-ақ қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таулы және орманды аумақтарға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, соның ішінде ас әзірлеу үшін барбекю мен басқа да құралдарды пайдалануды, темекі шегуге және жанып жатқан заттарды лақтыруға тыйым салуды, балаларды қаланың су айдындарында қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК (369 200 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 250 АЕК (923 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.