Алматы • 11 Маусым, 2024

Netflix ниет танытты

75 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәл осы күндері әлемге әйгілі Netflix платформасы Қырғызстан мен Қазақстан елдерінің көрікті мекендеріндегі reality travel show түсірілімдерін аяқтап қалды. Netflix-тің осынау таңдауы – елдің танылуы мен туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететін маңызды оқиға, тіпті олжа десе болады.

Netflix ниет танытты

Аталған платформаның аудиториясы орасан, бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан асатын қол­дану­­шыларына фильмдер, сериалдар ғана емес, өзге де түпнұсқа контенттің кең ауқымын ұсына алады әрі өте танымал. Платформаның ақылы жазылушыларының өзі шамамен 270 миллионға жетіп жығылатын болса, әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды компаниялардың бірі өзінің reality travel show үшін Алматының әдемі таулары мен қырғыздың табиғатын таңдаған.

Жалпы, жаз маусымында Ал­матыға келімді-кетімді мейман көбейе түсетіні белгілі. Туризмді да­мыту мақсатында мегаполисте ен­гізіліп жатқан жаңалық аз емес.

Мәселен, ендігі жерде шаһардың туристік нысандарына қыдырған кезде қалтаңыздағы қаржыны 63%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік бе­ретін – Almaty Pass бірыңғай билет іске қосылды. Әрбір туристік ны­санға жеке-жеке саяхаттағаннан гөрі, Almaty Pass билеті әлдеқайда тиімді. Мысалы, бірыңғай билеттің құны 9 990 теңгеден басталса, оған бөлек-бөлек экскурсияға барғанда 27 300 теңге жұмсалатын нысандар кіреді.

Қысқасы, Almaty Pass жүйесіне – «Көктөбе» аспалы жолы, «Көктөбе» саябағындағы айналма жол және жылдам түсу (Fast Coaster), MEGA Alma-Ata СОО аумағындағы Happy Eye шолу дөңгелегі, Алматы хайуанаттар бағы, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, «Медеу-Шымбұлақ» ба­ғытындағы Shymbulak аспалы жолы, Ботаникалық бақ пен қаланы ара­лататын Nur Bus автобус туры кіреді.

Қала қонақтары бірыңғай билетті almaty.citypass.kz ресми веб-сай­тынан сатып алған кезде, осы сайтта немесе мобильді қосымшада QR коды бар ваучер пайда болады. QR код қызмет пакетіне байланысты нысанға бірінші келген сәттен бастап 24 немесе 72 сағат ішінде жарамды.

 

АЛМАТЫ