ҚОСТАНАЙ. 25 сәуір. Қостанай қаласы Жауынгерлік Даңқ кітабын облыстық ардагерлер кеңесіне салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылы шілде айында облыста Жауынгерлік Даңқ кітабы жасалып, ол бүкіл аудандарға шығарылған болатын. Ең бірінші болып Алтынсарин ауданы кітапты салтанатты түрде Қарасу ауданына табыс еткен еді. Ұлы Отан соғысына байланысты аудандағы тың деректер, көзі тірі соғыс ардагерлерінің естеліктері, майданда опат болған жерлестер, тылдағы ерлікке пара-пар еңбек туралы мәліметтер кітапқа жазылды, видео материалдар түсіріліп, оның дискісі де кітапқа жапсырылды. Кітапты келесі ауданға тапсыру салтанатты түрде өткізіліп, жастар мен мектеп оқушылары соғыс тарихына, аталардың ерлік істеріне қанықты, тағзым етті. Осы шара жыл тәулігі бойы жүргізіліп, Жауынгерлік Даңқ кітабы облыстың бүкіл аудандары мен қалаларын аралады. Енді ол Қостанай қаласына қайтып оралды.
Облыс орталығындағы балалар шығармашылығы сарайында Жауынгерлік Даңқ кітабын облыстық ардагерлер кеңесіне салтанатты тапсыру шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметкерлер мен жастар шақырылды.
Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов: «Ұлы Отан соғысына 1,8 миллион қазақстандықтар қатысты, солардың тең жартысы туған жерге оралмады. Соғыс жылдары біздің өңірге тұтас зауыттар мен кәсіпорындар көшіп келіп, жұмысын жалғастырды. Херсон қаласынан «Большевичка» тігін фабрикасы, Сталинградтан әскери-авиациялық мектебі осында келді. Қазір алапат соғыстың куәгерлері арамызды тым азайып кетті, бүгінде Қостанай қаласында 122 соғыс ардагері тұрады» деді.
Қала әкімі соғыс ардагері Бертран Рубинштейнге, Дмитрий Брусникке, Молдағали Жүнісбековке, Николай Степуринге, Николай Барабановқа мерекелік медаль тапсырды.
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Вера Семенова: «Бұл кітап ардагерлер ұйымдарының, архив қызметкерлерінің жанкешті жұмысының нәтижесі. Кітапта қан майданға Қостанай облысынан аттанған әр жауынгердің ерлігі туралы айтуға тырыстық, барлығын қамтығымыз келді. Ондағы соғыс ардагерлері мен майдан даласында қалған боздақтар туралы материалдардың барлығы жүрекпен жазылды, толқымай оқу мүмкін емес. Бұл кітап сонысымен де қасиетті» деді.
Жауынгерлік Даңқ кітабы жалғыз дана болып жасалды, оны көбейту үшін Жеңіс қорынан арнайы қаржы бөлінетін болады. Кітаптың облыстық ардагерлер кеңесіне салтанатты берілуі патриоттық ән-бимен көркемделді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: egemen.kz
Сурет: ng.kz

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше