Қоғам • 11 Маусым, 2024

Аутизммен ауыратын бала төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 маусым күні үйінен шығып кеткен Игорь Исраилов 4 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.

Аутизммен ауыратын бала төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Фото: БҚО полиция басқармасы

Игорь Исраилов аутизммен ауырады. Ол БҚО Бәйтерек ауданы, Рубежинский ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Облыстық полиция іздеу шарасы басталғанын хабарлады.

«Жоғалған күні Игорь қара футболка, ашық көк шорты және көк кроссовка киген. Оның бойы шамамен - 180 сантиметр, арық денелі, қысқа шашты», делінген хабарламада.