Елорда • 11 Маусым, 2024

Астанада арнайы автобус жолағы енгізілді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның 15-нен 16-на қараған түні Астанада Айтматов көшесінің бойында қоғамдық көліктерге арналған арнайы автобус «Bus Lane» жолағы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада арнайы автобус жолағы енгізілді

Фото:El.kz

City Transportation Systems баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 10,5 км бөлінген жолақ Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскеде пайда болады.

Қазіргі таңда аталған учаскеде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолаққа жол белгілерін қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл биыл қалада енгізуге жоспарланған жеті автобус жолының біріншісі. Сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек Хандар көшесі, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылы бойында да арнайы жолақтар енгізіледі.

«Қоғамдық көліктің Bus Lane бойымен жүруі жол жүру уақытын, аялдамаларда автобус күтіп тұрған жолаушылардың уақыт аралығын қысқартады, сонымен қатар жедел жәрдем, арнайы қызмет пен өрт сөндіру техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті