Фото: dauletten.kz
Жергілікті жауапты органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, көпбалалы отбасылар мен жесірлерге беріледі. Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері де кіреді.
Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіліп жатыр.