Президент • 12 Маусым, 2024

Оңтүстік Корея «Азия ренессансында» ең маңызды рөл атқаратыны сөзсіз - Тоқаев

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Корея «Азия ренессансында» ең маңызды рөл атқаратыны сөзсіз - Тоқаев

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысқан бизнес өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективті бағыттарына тоқталды.

«Корея Республикасы – Қазақстанның бес ірі инвестициялық және сауда серіктесінің бірі. Кореядан экономикамызға тікелей тартылатын инвестиция көлемі он миллиард долларға жуықтады. Ал өзара сауда айналымы алты миллиард долларды құрады. Бүгінде Қазақстан нарығында Оңтүстік Кореяның 700-ден астам компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында Hyundai, KIA, Samsung, LG, Doosan секілді жаһандық корпорациялар мен басқа да кәсіпорындар бар. Қазақстан Корея Республикасының Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі ретінде өз позициясын нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгінгі келіссөздер барысында сөз болды. Нақты жоспарлар әзірленді. Келісімдерге қол қойылды. Құжаттар елдеріміз арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Әсіресе, әлем экономикасы түбегейлі өзгеріске ұшырап, Азия құрлығы орнықты даму және ғылыми-технологиялық прогрестің көшбасшысына айналған қазіргі заманда мұның өзектілігі айрықша байқалады. Сарапшылардың болжамына сәйкес биыл әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайыз өсімін Азия қамтамасыз етеді. Бұл ретте Оңтүстік Корея «Азия ренессансында» ең маңызды рөл атқаратыны сөзсіз», деді Президент.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024