Оқиға • 12 Маусым, 2024

Бас редакторлар клубының басқарма мүшелері сайланды

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті. Басқосуда белгілі медиаменеджер, Парламент Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай ұйымның атқарған іс-шаралары мен алдағы жоспарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас редакторлар клубының басқарма мүшелері сайланды

Клуб жетекшісі басқосуға қатысқан әріптестерінің сауалына жауап бере отырып, бұған дейін жүзеге асқан іргелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ұйымның жұмысын жетілдіруге қатысты жоспарланып отырған ілкімді жобаларды атап өтті. Сонымен қатар жиында «Abai tv» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры Ринат Кертаев, «QRNews.kz» ақпарат агенттігінің бас директоры Нұрбол Төлебаев сөз сөйлеп, клуб жұмысына қатысты ой-пікірін ортаға салды.

п

Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері және жаңа мүшелері таныстырылды.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:

  1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;
  2. Ринат Кертаев - «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;
  3. Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары;
  4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон» газетінің бас редакторы, Парламенті Мәжілісінің депутаты;
  5. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпарат агенттігінің бас директоры, Phd.

Клубтың жаңа мүшелері:

Ильхам Ибрагим - «7 арна» бас директоры;

Жайнагүл Төлеміс - «Хабар» телеарнасының директоры;

Жасын Біркенов -  «24KZ» телеарнасының директоры;

Нағашыбек Алдан - «Қазақпарат» АА бас редакторы;

Нұрбол Төлебаев - QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;

Зарина Қуатова - «Тараз 24» телеарнасының директоры.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.

па

«Бас редакторлар Клубы» – 2007 жылы құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті