Қылмыс • 13 Маусым, 2024

Жүзден аса киік мүйізін шетел асырмақ болған

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайға 112 киік мүйізін алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Жүзден аса киік мүйізін шетел асырмақ болған

Фото: gov.kz

12 маусымда Жетісу облысының «ШХЫО-Қорғас» кеден бекетінде кедендік және шекаралық бақылау жүргізу кезінде Қазақстан азаматының «FAW» маркалы көлік капотынан ақбөкеннің 112  мүйізі анықталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс жүргізу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аталған әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-1-бабы «Ақбөкенді заңсыз өндіру, жою, сол сияқты заңсыз өндірілген ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» бойынша көзделген.