АСТАНА. 25 сәуір. Мәскеудің Домодедово әуежайында ұрылар 3,3 миллион долларды құрылыс қоқысымен ауыстырып кеткен. Ресей полицейлері әуе жүгінен ұрланған ақшаға қатысты қылмыстық істің ақ-қарасын анықтады. Бұл туралы today.kz хабарлады.
Мәскеуге Новосібірден келген қымбат жүкті қабылдау кезінде екі қапқа салынған ақшаның орнында құрылыс қоқысы болған.
Ресей Ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Новосібір-Домодедово бағытымен Мәскеу қаласына келген жүктің салмағы мен пломбасында сәйкессіздіктер анықталған. Нәтижесінде, екі қаптағы 3,3 миллион доллардың орнына құрылыс қоқысы шыққан.
Ресей валютасымен есептеу кезінде шығын көлемі 180 миллион рубльді құраған. Кейіннен бұл қылмысқа құнды заттарды тасымалдаумен айналысатын компанияның үш қызметкері күдікті деп танылған.
Бұрын Домодедовода жүк тасмылдаушы болып жұмыс істеген үшеуі 2014 жылы жұмыстарынан шығарылған екен. Жүктерді түсіру технологиясын жақсы меңгерген олар ұрлықты әуежайда жасаған. Ақшаның жоғалғаны белгілі болғаннан кейін полицейлер әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге бұл қылмысты бір тәуліктің ішінде әшкереледі.
Ұрлық жасағандардың барлығы өз кәніларын мойындап отыр. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 158-бабы 4-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ұрылар ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еламан Қоңыр.
Дерек: today.kz.
Сурет: webpark.ru.
• 25 Сәуір, 2015
Мәскеуде ұрылар 3,3 млн. долларды қоқыспен ауыстырып кетті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03