Фото: Naqty.kz
Аукционға қатысуға сегіз компания жіберілді, қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 1 кВт-сағ үшін 22,68 теңгені құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 1 кВт-сағ үшін 22,68-ден 6,9 теңгеге дейін құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «ЭкоВайнд» ЖШС компаниясы жеңімпаз болып танылды, жобаның белгіленген қуаты - 100 МВт, аукциондық бағасы - 6,9 тг/кВт-сағ. Жобаны Ақтөбе облысында іске асыру жоспарланып отыр.
Алтынай АБДЫШ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті