АСТАНА. 26 сәуір. Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 9-туры өтті. Барлық 6 ойында есеп ашылып, жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Тур барысында 20 гол соғылды. Төрешілер 22 сары және 1 қызыл қағаз көрсетті. Сондай-ақ, бұл турда стадиондарға жиналған жанкүйерлердің де саны бұрынғылармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Нақты айтсақ, 6 кездесуге барлығы 20 000 жанкүйер жиналды.
Турдың орталық кездесуі ретінде мамандар мен жанкүйерлер Алматыда өткен «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы матчты атаған еді. Десек те, бұл ойын көпшілік күткендей аса тартысты болмады. Тек «Қайраттың» басымдығымен өткен матчта алаң иелері қарсыластарының қақпасына жауапсыз 4 гол соқты.
Ерекше атап өтер жайт Талдықорғанның «Жетісуы» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында «Таразды» қабылдаған олар соңғы минутта ғана гол соғып, мерейі үстем болды. Осы тур алдында «Жетісудың» бас жаттықтырушысы Асқар Қожабергенов қызметінен кетіп, орнына Иван Азовский уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалғанын айта кетейік.
Тағы бір назар аударар дүние, Көкшетауда өткен «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» арасындағы ойын. Тартысқа толы болған матчта 5 гол соғылды. Нәтижесінде қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Аталған кездесуде «Оқжетпес» сапына жуырда ғана қосылған Ресей футболшысы Дмитрий Сычев Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы голын соқты.
9 турдан кейін турнир кестесінен жоғары бәсекелестікті анық байқауға болады. Бүгінде 17 ұпайдан жиған үш бірдей команда көш бастап тұр. Олар: «Қайрат», «Ордабасы» және «Ақтөбе». Ал 4 және 5-орындарға жайғасқан «Астана» мен «Атыраудың» еншісінде 15 ұпайдан бар.
Премьер-лигадағы келесі қызықты деректерге тоқталып өтейік. 9 турдан кейін жеңіске жетпеген команда қалмады. Сондай-ақ, әзірге жеңілмеген екі команда бар. Олар – «Ордабасы» мен «Ақтөбе». Ал «Оқжетпес» бүгінге дейін тең ойнап көрмеген жалғыз команда.
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 2:3 (0:1)
25 сәуір. Астана. «Астана-Арена» стадионы. 1 500 көрермен.
Төреші: Қарлыбаев (Орал).
«Оқжетпес»: Цирин, Сахалбаев (Нұржанов 61), Марочкин, Хохлов, Волков, Павлов (Сычев 72), Дикьяра (Роткович 46), Төлиев, Чижов, Бөлешев, Чертов.
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Коробкин (Пиззелли 70), Левин, Жулпа, Хайруллин, Неко, Логвиненко, Сантана, Жалмұқан (Айымбетов 62), Данило (Хижниченко 57).
Голдар: Роткович 46, Сычев 76 – Хайруллин 23, Пиззелли 83, Неко 87.
Ескертулер: Бөлешев 84 – Коробкин 59, Жулпа 66, Сантана 89.
«Қайсар» (Қызылорда) – «Астана» (Астана) 2:1 (1:0)
25 сәуір. Қызылорда. Гани Мұратбаев атындағы стадион. 3 000 көрермен.
Төреші: Вишниченко (Қостанай).
«Қайсар»: Прядкин, Кляйн, Митошевич, Вороговский, Розыбақиев, Молдаров, Балтаев, Мұжықов (Цой 86), Нарзилдаев (Молдақараев 75), Струков, Юнузович (Нұрдәулетов 90+1).
«Астана»: Эрич, Ахметов, Аничич (Жаңғылышбай 81), Жуков, Щеткин (Нөсербаев 65), Кетевоама (Максимович 68), Бейсебеков, Жолшиев, Постников, Шомко, Каньяс.
Голдар: Молдаров 9, Молдақараев 78 – Максимович 70.
Ескертулер: Вороговский 29, Митошевич 40, Молдақараев 84 – Аничич 39, Жолшиев 76.
Алаңнан қуылды: Вороговский 86 (екінші ескерту).
«Ертіс» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау) 1:2 (0:0)
25 сәуір. Павлодар. «Орталық» стадионы. 3 000 көрермен.
Төреші: Кучин (Қарағанды).
«Ертіс»: Лория, Есімов, Граф, Чернышев, Самсонов, Әлиев, Смақов, Изу, Сулей (Сартаков 78), Гатагов (Игнатьев 60), Аристайд.
«Атырау»: Нәрзікұлов, Чичулин, Айтбаев, Григорьев, Кузьмин, Диакате, Эссаме, Байжанов (Эсатов 87), Қалмұратов, Аржанов (Одибе 74), Иванович (Тілешев 62).
Голдар: Смақов 67 – Эссаме 57, Тілешев (пенальти) 69
.
Ескертулер: Смақов 15, Самсонов 54 – Кузьмин 31, Чичулин 52.
«Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:3 (1:3)
25 сәуір. Затобольск. «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен.
Төреші: Холматов (Қызылорда).
«Тобыл»: Петухов, Климавичус, Садовничий, Агайсин, Аслан, Богданов, Жұмасқалиев (Елмұрзаев 81), Шимкович, Юрин (Дели 73), Красич, Бугаев.
«Ордабасы»: Сидельников, Симчевич (Адырбеков 89), Трайкович, Малый, Сүйімбаев, Тұңғышбаев (Сариев 65), Петров (Әшірбеков 58), Бейсенов, Нұрғалиев, Гейнрих, Божич.
Голдар: Бугаев 31 – Гейнрих 1, Симчевич 19, Божич 38.
Ескертулер: Юрин 55, Красич 68, – Божич 38.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0)
25 сәуір. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 1 500 көрермен.
Төреші: Алешин (Павлодар).
«Жетісу»: Шабанов, Әділханов, Михайлов, Киров, Сағындықов, Цветкович, Шахметов (Тұрысбек 46), Азовский (Мұжықов 55), Савич, Родионов (Хайрулин 87), Деспотович.
«Тараз»: Григоренко, Аверченко, Мера, Васильев, Баялиев, Сергиенко (Досмағамбетов 54), Башлай, Мухутдинов, Таубай, Жұмаханов (Яровенко 78), Пищур (Голич 82).
Гол: Деспотович 90
.
Ескертулер: Мұжықов 69, Цветкович 74, Деспотович 90+1 – Башлай 46, Мухутдинов 74.
«Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) 4:0 (1:0)
25 сәуір. Алматы. «Орталық» стадионы. 8 000 көрермен.
Төреші: Дүзмәмбетов (Өскемен).
«Қайрат»: Плотников, Лунин, Дарабаев (Исламхан 46), Қуат, Плиев, Сержиньо (Риера 80), Ли (Рудосельский 71), Гурман, Исаэль, Маркович, Гоу.
«Шахтер»: Шацкий, Коструб, Азаматов, Дубков, Порываев, Карпович (Өміртаев 74), Петрацци, Наджарян (Васильев 64), Вошаглик (Ветров 46), Мұртазаев, Топчагич.
Голдар: Маркович 10 (1:0), Исаэль 57 (2:0), Исламхан 80 (3:0), Гоу 85 (4:0)
.
Ескерту: Рудосельский 87.
Үздік мергендер:
- Жерар Гоу («Қайрат») – 10 гол;
- Мақсат Байжанов («Атырау»), Рохер Каньяс («Астана»), Олександр Пищур («Тараз»), Неманья Максимович («Астана»)– 4 гол;
- Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), – 3 гол.
10-тур ойындары 3 мамырда өтеді:
«Қайсар» – «Қайрат»;
«Астана» – «Тобыл»;
«Ордабасы» – «Жетісу»;
«Тараз» – «Оқжетпес»;
«Ақтөбе» – «Ертіс»;
«Атырау» – «Шахтер».
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kpfl.kz.