Білім • 18 Маусым, 2024

Мұғалімдер біліктілігін арттырды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚҰПУ Түркістан облысының жалпы білім беру мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері үшін «Білім алушыларда пәндік, цифрлық құзыреттіліктерді, функционалдық сауаттылықты, икемді дағдыларды қалыптастыру» тақы­рыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Мұғалімдер біліктілігін арттырды

Педагог кадрларының білік­тілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат еткен курсты тыңдауға.

Біліктілікті арттыру курсына қауымдастырылған профессор Нұржамал Ошанова, Амангүл Оракова, Азия Жұмабаева, Сәуле Әбішева, Нағима Ілиясова, Серік Иватов, Қалампыр Жұмағұло­ва және Шахислам Лайсханов сияқ­ты білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, ғылым док­торлары, ғылым кандидаттары мен университет профессорлары қатысып, 8 мектептен келген 150-ден астам мұғалімге заманауи білім үрдісі жайындағы ақпараттармен бөлісті.

Панельдік сессияда педагог­­тер білім берудегі сапа менеджмен­­ті (TQM IS), белсенді оқыту әдіс­тері арқылы функционалдық са­уаттылықты дамыту, электрон­ды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пай­далану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғы­лыми зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзыреттіліктерді қа­лыптастыру, география мұға­лім­деріне геоақпараттық білім беру мәселелері, білім беруде жасанды интеллекті пайда­лану барысын меңгеріп, мек­тептегі ғылыми жобаларға қа­тысты мәліметтерді талдады. Со­нымен бірге лингвистикалық ин­терпретацияның оқыту әдіс­темесіндегі орны, ғылымды дамыту бойынша білім, қашық­тық­тан оқыту материалдарын пайдалану, цифрлық педагогика және педагогтің IT құзы­рет­тілігі сияқ­ты заманауи тақы­рып­тар бойынша да лекциялар
оқылды.

Университет ұйымдастыр­ған курстарда жыл соңына дейін мың­ға жуық педагог біліктілігін арттыратын болады.

 

АЛМАТЫ