Біртуар қайраткер, КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі Нәзір Төреқұлов (1892–1937) Қоқанда дүниеге келген. Осы қалада жәдит мектебін аяқтаған. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Орынборға келіп, «Еркін дала» ұйымының құрылтайын өткізіп, 1918 жылы сәуірде «Қазақ мұңы» газетін шығарған. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, жұмысшы, диқан және солдат депутаттары кеңесіне қызметке тұрып, «Халық газетін» және «Инқилоб» журналын шығаруға атсалысты.
Оқу орнының ашылу рәсімін өткізген топтың арасында отырған қайраткер басына кең жиекті қалпақ киген. Жанында – жаңа саясаттағы серіктері. Жиын қала ортасындағы жәми мешіт жанында өткен сияқты. Адамдардың артында кірпіштен өрілген мешіт не медресе ғимаратының есігі мен терезесі анық көрініп тұр.
Ақтөбе облысы