ОРАЛ. 26 сәуір. Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудан орталығындағы мәдениет үйінде орналасқан №219 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Келген сайлаушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Ең алғаш болып дауыс беруге Ұлы Отан соғысының ардагері Аманғали Сариев келді. «Ел болашағы, ертеңгі жарқын күндер және жастарымыздың бақытты өмірі үшін дауыс бердім. Біздер көрген қиындықтарды егемен елдің ұрпақтары көрмесін», – дейді атамыз.
Сайлау учаскесіне байқаушылар көрші Ресей елінен келді. Солардың бірі Сергей Анатольевич Федечкин: «Бүгін сіздің елде үлкен саяси оқиға өтуде. Сайлаушылар ұйымшылдықпен келіп, дауыс беруде. Бұл сіздегі тыныштық пен бірліктің үлгісін көрсетеді. Ешқандай заң бұзушылық жоқ», – деді.
Қазталов ауылындағы №220 Мерғалиев сайлау учаскесінде де азаматтардың белсенділігі байқалады. Кейбір мекемелер ұжым болып келіп, дауыс беруде.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше