Фото: Toraighyrov media Center
Ол алдағы уақытта да жарыстарға қатысуға ниетті. Келесі сайысы Алматыда қазан айына жоспарланған. Дильназ Мерғалиева заң мамандығы бойынша 3 курсқа көшеді.
«Дильназ өзінің жетістігі арқылы оқу мен спортты жоғары деңгейде біріктіру әбден мүмкін екенін көрсетті. Оның жетістіктерін, сондай-ақ университеттің барлық студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Біздің студенттердің шығармашылықта, спортта немесе ғылыми қызметте болсын, жан-жақты дамуы маңызды. Тұрақты қозғалыс пен өсу барысында мықты тұлға қалыптасады», деп атап өтті ректор Еркін Садықов.