Фото: Zakon.kz
Жаңа редакцияға сәйкес Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.
Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда (егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе) қайта қарайды. Сондай-ақ Жоғарғы сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр.