Фото: Shutterstock/FOTODOM
Бұл ақпаратты ШҚО прокуратурасы жария етті.
Мәселен, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгесін бәске тігіп, ұтылған.
Борышкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, өз бетінше E-Gov мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуын шектеді.
«Сонымен қатар борышкерлердің құмар ойындарға қатысу жолын кесу мақсатында одан әрі жұмыс жүргізу үшін Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды. Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады», делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.