Қоғам • 20 Маусым, 2024

Елімізде 650 мыңнан аса азамат баспана кезегінде тұр

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әкімдіктерде баспана алуға кезекте 651 174 адам тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 650 мыңнан аса азамат баспана кезегінде тұр

Фото: gov.kz

Олардың 256 293 мыңы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер және тағы басқалары бар.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс жалға берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіруге рұқсат беретін заңды қабылдаған еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті