ПАВЛОДАР. 26 сәуір. Облыста 31 халықаралық байқаушы тіркелген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алыс және жақын шет елдерден келген байқаушылардың 16-сы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі болса, қалған 15-і ТМД елдерінен келген.
Ресейдің Новосібір қаласынан келген халықаралық байқаушы Ольга Благоның айтуынша, сайлауда байқаушылар үшін де барлық жағдай жасалған. Телефон, факс, ғаламтор барлық қажетті құрылғылардың бәрі бар. Бір сөзбен айтқанда, ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде. Сондықтан біз халықаралық байқаушылар жұмыстарымыздың еш кедергісіз, сәтті өтетініне сенімдіміз. Сайлауға келушілер белсенділігі жақсы.
Осы уақытқа дейін ТМД аумағында бірқатар елдердің президенттік сайлауларында халықаралық байқаушы ретінде жұмыс істеген Новосібірден келген Евгений Рягузовтың айтуынша, биылғы сайлауда шетелдік байқаушылар саны анағұрлым көп. Дауыс беруге келген жұртшылықтың белсенділігі де байқалуда. Ал, Сібір басқару институты халықаралық қатынастар саясаты факультетінің деканы Сергей Козлов мұндай шараға алғаш рет қатысып отырғанын айтады. «Бүгін өңірімізде ел болашағын анықтаудағы маңызы зор саяси шара қызу жүріп жатыр. Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелерінде белсене жұмыс істеуде. Барлық нәтижелер кешкі 20 00-де белгілі болады», дейді ол.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 26 Сәуір, 2015
Павлодар облысында сайлауды ұйымдастыру жоғары деңгейде өтуде

Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше