Қоғам • 21 Маусым, 2024

ІІМ Киевте журналист Садықовқа шабуыл жасаған адам туралы ақпаратқа түсініктеме берді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі М.Қаратаевтың 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ Киевте журналист Садықовқа шабуыл жасаған адам туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Фото:Ашық дереккөз

Еске салайық, 18 маусымда БАҚ-та Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалды деген хабар тараған болатын. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, белгісіз біреу Ярмола көшесінде тұрған көлікке жақындап, ер адамға оқ атқан. Көлікте ер адамның жанында әйелі болған, ол зардап шеккен жоқ. 

Кейінірек А.Садықовтың әйелі Facebook желісінде екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың бірі бұрын Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкері болған-ды. Ішкі істер министрлігі Киевте Қазақстан журналисі Айдос Садықовқа шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

«Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі», делінген хабарламада.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті