ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Қостанай облыстық балалар ауруханасында төрт айлық сәбиге өңірде бұрын жасалмаған ерекше ота жасалды. Дәрігерлер баланың тынысын бітеп тастайтын таңдайдағы жарғақшаны алып тастады. Бұл туралы alau.kz хабарлады.
Кішкентай Асқар Ардақ осыдан бір ай бұрын Науырзым ауданынан келген болатын. Алғашқыда дәрігерлер қолқасына суық тиген деп ойлады. Қанша емдегенмен баланың жағдайы нашарлай берді. Дәрігерлер баланың таңдайында жарғақша бар екендігін анықтаған соң, бірден ота жасау керек деп шешті. Сәбидің тыныс жолының бітелуіне екі миллиметр ғана саңылау қалды. Бұрын мұндай ота түрі облыста жасалмайтын. Астанадан санитарлық авиациямен тәжірибелі дәрігер алдырылды.
Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбаары Ольга Сон: «Біз диагнозды қойғанда «Ана мен бала Ұлттық орталығындағы» мамандармен хабарластық. Ондағы лор дәрігер осындай күрделі науқастарды қарайтын еліміздегі бірден бір маман», деді. Осынша күрделі операция дәрігерлердің бар-жоғы он минут ғана уақытын алды. Қазір баланың жағдайы жақсарды, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері енді мұндай отаны өздерінің де жасай алатындығын айтып отыр.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz

12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше