Оқиға • 24 Маусым, 2024

БҚО-да полиция қызметкері өзін атып жіберген

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстанда табельдік қарудан оқ жарақатын алған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, полицей байқаусызда өзін атып жіберген. Оқиға аймақтық полиция департаментінің ғимаратында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да полиция қызметкері өзін атып жіберген

Фото: mgorod.kz

БҚО ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат таңғы сағат 07:41-де түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды шұғыл түрде отаға жатқызды, қазір оның жағдайы өте ауыр», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.