Ол референдумның өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Бүгін Астана қаласындағы 12 учаскеге бардым, өте жақсы әсерде болдым. Маған дейін есеп берген баяндамашылар секілді, менің де байқағаным, адамдар қуанышты, жастар да қатысып, өз еркін білдіруде, отбасылар да уақыт тауып, балаларымен келіп жатыр. Бәрі өте жақсы ұйымдастырылған. Қазақстан халқы осы референдумда өз еркін білдіріп жатыр. Мен өз атымнан жақсылық тілеймін. Барлық реформалар сәтті аяқталсын», деді спикер.