Фото: 2gis.kz
Қайғылы оқиға бүгін болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қыз жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмғанын хабарлады.
Ал қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.