Спорт • 24 Маусым, 2024

Жетісу командасы жеңімпаз атанды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан облыс әкімі ку­богі үшін өтетін республикалық турнир дәстүрлі додалардың бірі­не айналып келеді. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған жа­рыс­қа Ақтөбе, Атырау облыстары мен Түркістан, Талдықорған, Шым­кент, Қызылордадан 8 команда қатысты.

Жетісу командасы жеңімпаз атанды

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Жарыстың ашылуында облыстық қо­ғамдық даму басқарма­сы­ның басшысы Алмасбек Ес­маханов БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнир мақсаты журналистер арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, саламатты өмір салтын насихаттау екенін атап өтті.

Турнирдің алғашқы ойыны Жетісудан келген тілшілер мен шымкенттік журналистер арасында өтті. Былтырғы жеңімпаз Талдықорғанның «Қарекеті» биыл да бабында екен. Одан кейінгі ойын­да түркістандық әріптестермен ойнаған Қызыл­орданың «Ақме­ші­ті» басым түсті. «Атырау-Ақпа­рат» пен ақтөбелік журналистер ара­­сындағы ойын да тартысты өтті. 

Дәстүрлі додада «Қарекет», «Атырау-Ақпарат», «Ақмешіт» және «Қаламгер» командалары ірік­теліп шықты. Финалда аты­раулық әріптестерінен басым түскен «Қарекет» командасы Қызылорда облысы әкімінің ку­богі үшін өткен республикалық турнир чемпионы атанып, облыс әкімінің арнайы кубогі мен 1 000 000 теңге иеленді.

Екінші орын тұғырындағы «Атырау-Ақпарат» командасына 700 мың, қола жүлдегер атанған қы­зылордалық «Ақмешіт» командасына 500 мың, «Қаламгер» командасына 150 мың теңге ынталандыру сыйлығы табысталды.

Бұдан бөлек жақсы ойын көр­сеткен әріптестерге «Үздік ша­буылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойын­шы» аталымдары бойынша арнайы кубок пен қаржылай жүлделер тапсырылды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА