Руханият • 25 Маусым, 2024

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

835 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

Әдебиет саласы

1.       

Айымбетов Мәди - «Бопай ханым» тарихи романы

2.       

Алпысбай Асқар - «Былғары табыт» роман-кітабы

3.       

Алпысбай Әділбек – «Семсер жүзіндегі серт» роман трилогиясы

4.       

Амантай Дидар - «Майдақоңыр» әңгімелер жинағы

5.       

Асылбекұлы Серік - «Империядағы кеш» драмалық туындысы

6.       

Ергөбек Құлбек -  «Адамның бір қызығы бала деген» туындысы

7.       

Есенқарақызы Ханбибі - «Эсселер»  кітабы

8.       

Жақып Бауыржан  - «Білте шамның жарығы» жыр кітабы

9.       

Жиенбай Қуаныш  - «У мен уылдырық» туындысы

10.  

Иса Қазыбек - «Сыртолғау» жыр кітабы

11.  

Нұржан Светқали -   «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы 

12.  

Рамазан Думан - «Жошы хан» драматургиялық шығармалар жинағы

13.  

Сматаев Софы - «Шахминам – мәңгілік махаббатым менің» кітабы

14.  

Түменбаев Қуандық  - «Саябақтағы классикалық әуен» әңгімелер жинағы

15.  

Үсенбаев Болат  - «Тәуелсіздік деген не?» жыр кітабы

 

Өнер саласы

1.     

авторлық ұжым (Молдағали Фархат, Әбіл Мирас, Жақыпбеков Олжас, Қыстықбай Қуандық, Нұрымбет Ержан) -  «Алтайдан ауған ел» спектаклі 

2.     

авторлық ұжым (Бапанов Алибай мен Бапанова Сәуле) -  «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы

3.     

авторлық ұжым (Жуасбек Еркін, Жаманқұлов Тұңғышбай, Сапаров Мұрат, Дария Жүсіп) - Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша жазылған  «Ай мен Айша» драмасы (өңделген нұсқасы)

4.     

Жақып Құттыбек - «Түркі қағанаты» көркем шығармалар топтамасы

5.     

Мүсәпір Жанұзақ -  «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы

6.     

Шакрат Сержан - «Алтын коллекция» күйлер жинағы

 

Комиссия аталған шығармаларды талқылауға шығармашылық және мәдениет ұжымдарын, осы сала мамандарын шақырады.

Пікірлеріңізді осы жылдың 1 тамызына дейін мына мекенжайға жолдауды сұраймыз: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Тел: 8 (7172) 740519; 87056317806

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024