Оқиға • 25 Маусым, 2024

БҚО-да жол апатынан жасөспірім көз жұмды

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында мопед пен мотоцикл соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан жасөспірім көз жұмды, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz

БҚО-да жол апатынан жасөспірім көз жұмды

Фото: shutterstock

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 маусым күні сағат 03.30-да аудан орталығы Переметный ауылында болған.

Alpha Samurai мопедінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, мотоциклмен бетпе-бет түйіскен. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Москвичи» жанар-жағармай құю стансасы маңынан шақырту түскен. 

«2006, 2007, 2008 жылғы жасөспірімдер түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің қатысуымен олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Ауыр жағдайда түскен 2006 жылғы жасөспірім 22 маусым күні қайтыс болды. 2007 және 2008 жылғы жасөспірімдерге амбулаториялық ем тағайындалды. 2008 жылғы жасөспірімге ота жасалды, жағдайы орташа ауыр, травматология бөлімшесінде емделіп жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар