Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы Жоғарға соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын.