Спорт • 26 Маусым, 2024

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Алты балуан қола жүлдегер атанды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер күресінен (Иорданияда) Азия чемпионатында (U17) Қазақстан командасы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Алты балуан қола жүлдегер атанды

Фото: kazwrestling_official, инстаграм

Күрес федерациясы мәліметінше жеке есепте 6 балуан қола жүлде жеңіп алды:

49 келі - Сәния Солтанғали;
53 келі - Мадхия Усманова;
57 келі - Анна Стратан;
65 келі - Ұлдана Тілеухан;
69 келі - Зейнеп Еламас;
73 келі - Ақбота Қадір.