«Таза Қазақстан» • 27 Маусым, 2024

Каспий жағасын қоқыстан тазартты

97 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Сәтті сәрсенбі» деп аталатын тазалық акциясы басталып, тұрғындардың, әсіресе жастардың қолдауына ие болды.

Каспий жағасын қоқыстан тазартты

Ақтау қаласын дамыту, көркейту бас­ты назарда тұр. Бұл бағыттағы ірі жұмыстар шағын қадамдардан бастау алары анық. Осы орайда Ақтау қаласының көркін сақтау, тұрғындар мен туристерге жайлы демалыс ұйым­дастыру мақсатында жаға­жай­ларды қоқыстан тұрақты тазартып тұру – маңызды бас­тама.

Бұл бастаманың алғашқы таң­ғы тазалық жұмысына Маң­­ғыс­тау облысының әкімі Н.Қи­лы­­бай, Экология және табиғи ре­сурстар вице-ми­нистрі М.Ошур­баев пен «Жа­сыл ел» еңбек жасағы, қала тұрғын­да­ры қатысты.

Ақтау қаласы іргесіндегі жағажайлар – жазда халық көп жиналатын орын. Мұнда күн сайын он мыңға жуық адам Каспийдің мөлдір суына түсіп, демалады. Өкінішке қарай, олардың соңында жағалауда түрлі қоқыс пен полиэтилен, пластик құтылар қалады. Бұл жағдай жағажайда сенбілік жұмысын тек акция аясында емес, тұрақты қалыпта жүгізуді қажет етеді. Сондықтан жағажайларда әр сәрсенбі сайын сенбілік ұйымдастыру бастамасын өңір тұрғындары қажеттілік деп санап, қуана қабылдады. Тазалық іс-шарасына қатысушылар ала таңнан бастап бірнеше шақырымға созылып жат­қан теңіз жағалауын қоқыстан тазартып, жүздеген қапшық­ты күл-қоқысқа толтырды. Сонымен қатар жағажайлар­ды абаттандыру жұмысы жүр­гізілді.

«Табиғат – біздің тыны­сы­­­-мыз. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, оған жанашырлықпен қарау, қамқорлап ұстау – әрбір адамның азаматтық парызы. Қолдан келгенше табиғатты сақ­­тауға үлесімізді қосып ж­ү­ре­йік», деген Маңғыстау облы­сы­ның әкімі Нұрдәулет Игілік­ұлы өңір тұрғындары мен жас­тар­ды, қонақтарды табиғат­қа бейжай қарамай, тазалық жұ­­мыс­­тарына ұйытқы болуға шақырды.

Каспий жағалауында бастау алған акция әр сәрсенбі сайын тұрақты түрде өткізіледі. Ақ­тау­­лық белсенді жастар бұл чел­­ленджді жаңаөзендіктерге жол­дады.

                          

 Маңғыстау облысы