Фото: ncste.kz
Бұл конкурс жыл сайын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымға дарынды жастарды тарту және жас зерттеушілердің үлесін арттыру үшін өтеді.
Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша барлығы 541 конкурстық өтінім ұсынылған. Оның ішінде 260 өтінім шекті балл жинап, Ұлттық ғылыми кеңесте (ҰҒК) қаралды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 8,78 млрд теңгеге 103 жоба (өткен ҒТСЖ санының 40%-ы) 2024–2026 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданды.
Ал 2024–2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша 746 өтінім беріліп, соның ішінде 571 өтінім ҒТСЖ-қа жіберілді. Сараптама қорытындысында 343 өтінім шекті деңгейге көтеріліп, Ұлттық ғылыми кеңестің қарауына жіберілді. Нәтижесінде, жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге 225 жоба (өткен ҒТСЖ санының 65%) постдокторанттар үшін қаржыландырылады.
Айта кетейік, гранттар экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; энергия, озық материалдар және көлік; озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар; елдің зияткерлік әлеуеті; өмір және денсаулық туралы ғылым; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша бөлінді.