ОРАЛ. 26 сәуір. Бүгінгі Президент сайлауы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде де белсенділікпен өтуде. Бұл туралы аталған ауылдағы мәдениет үйінің жетекшісі Нұрболат Сәндібековтің сөзіне сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тұрғындардың бойынан азаматтық парызға адалдық, еліміздің жарқын тағдырына әсер ететін бұл күнге деген жауапкершілік айқын сезілді. «Мемлекетіміздің мерейі арта берсін, жақсылығымыз баянды болсын!» деген лебіздер айтылды.
«Халықтың белсенділігін көріп көңілім қуанып тұр. 2004 жылы Өзбекстаннан оралман ретінде атажұртқа келген едік. Содан бері мемлекетіміздің, маңайымыздағы жұрттың қамқорлығын көріп келеміз. Былтыр республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесу бақытына ие болдық. Бүгін Отанның көркейе беруі және бақытымыздың баянды болуы үшін дауыс бердік.», – дейді Нұрбол Сәндібеков.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: dknews.kz.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше