Оқиға • 27 Маусым, 2024

Алматы маңында 4 адам жанып кеткен

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 маусымға қараған түні Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz

Алматы маңында 4 адам жанып кеткен

Фото: Zakon.kz

Анықталғандай, Lada маркалы автокөлік Үлкен Алматы каналының жолымен батыс бағытта бет алған. Алайда көлік жолдан шығып, кюветке кеткен, артынша ағашқа соғылған. Нәтижесінде көлік толығымен жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты соққының әсерінен көліктің қозғалтқышы зақымданған.
 
Оқиға куәгерлері зардап шеккендерді көліктен шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Бірақ бір жолаушыны шығарып алу мүмкін болмаған.

Жол апаты салдарынан 2002 және 2003 жылы туған төрт жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Бесіншісі жолаушы облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккеннің жағдайы өте ауыр.

Қазір қайғылы оқиға болған жерде жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы мен криминалист жұмыс істеп жүр.