Фото: Әлихан Сариев
«Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Алматы жол полициясы.
Апат болған сәтте қоғамдық көлік қандай жылдамдықпен қозғалғанын анықтайтын сараптама да тағайындалды.
Еске салайық, Алматыдағы автобус апатынан 1 адам көз жұмды.