Фото: astanatv.kz
Бұл ретте аталған мұражай ресми түрде әлі ашылмағанын айта кету керек. Ұшу институтының аумағында өткен ғасырда пайдаланылған тікұшақ, пен азаматтық ұшақтар қойылған. Олар ретке келтіріліп, боялған, бірақ қысқа уақыт ішінде ұшақтардың бортында бөгде суреттер пайда болып, кей жеріне зақым келтірілген. Бірақ вандалдарды тоқтататын ешкім жоқ – саябақта күзетшілер де, бейнебақылау камералары да жоқ.
Бұрын бұл аймақ Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Әскери институттың қарамағында болған. Екі жыл бұрын саябақ әкімдіктің балансына көшті. Қала әкімдігі аумақты көркейтіп, ашық аспан астындағы мұражай құруды жоспарлаған. Тиісті жұмыстар өткен жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Бірақ жауапты мердігер міндеттемелерді орындаудан жалтарды. Ақыры саябақтың ресми ашылу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілді.
«Мердігер шарт бойынша белгіленген жұмыстарды аяқтаған жоқ. Атап айтқанда, саябақта жарық жоқ, жаяу жүргіншілер жолы да соңына дейін салынбаған, аумақты көгалдандыру тиісті деңгейде жүргізілмеген. Біз компанияға жұмыстардың орындалмауына байланысты сотқа дейінгі нұсқама жолдадық. Жақын арада сотқа жүгінеміз», деп түсіндірді Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің маманы Талғат Наурызов.