Президент • 27 Маусым, 2024

АЭС салу бойынша референдум күзде өтеді - Қ.Тоқаев

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Жиын барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум күзде өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

АЭС салу бойынша референдум күзде өтеді - Қ.Тоқаев

Коллаж: Azattyq Rýhy

Ал нақты күнді Үкімет белгілейтінін айта кету керек.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.