26 Сәуір, 2015

Шығыс Қазақстанда сайлауға дауыс берушілердің қатары қалың

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015  OskemenӨСКЕМЕН. 26 сәуір. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сайлауға бір кісідей қатысып, жоғары азаматтық белсенділік танытуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығындағы гуманитарлық колледжде орналасқан №79 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7.00-ге жуық тұрғындар жиналып, учаскенің ашылуын күтіп тұрды. Сайлау учаскесі еліміздің Әнұранымен ашылды. Сайлау учаскесінің төрағасы Ерлан Құдайбергенов жиналған қауымға дауыс беру тәртібі туралы түсіндіріп, көпшілік алдында бюллетеньдерді шығарып, дауыс берілген бюллетендерді салатын жәшіктерді мөрледі. 26.04.2015  Oskemen-3Биылғы сайлаудың ерекшелігі, сайлау учаскелеріне елден бұрын келіп дауыс берген азаматтарға, алғаш рет дауыс берушілерге және балаларымен келген отбасыларға сыйлықтар үлестірілді. Сағат 9.00-ден бастап барлық сайлау учаскелерінде Оқушылардың шығармашылық үйі, «Үміт» балалар үйі мен этномәдени ұйымдардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламалар және кішігірім сауда-саттық орындары ұйымдастырылды. 26.04.2015  Oskemen-2Сондай-ақ сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғын тізімнен өзін таба алмаған жағдайда, комиссия хатшылығы екі минуттың ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығының базасы арқылы анықтама қағазын шығарып беру арқылы, кедергісіз дауыс беруге мүмкіндік жасады. Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, өңірде президенттік сайлау барысы жоғары қарқынмен өтуде. ТМД байқаушылар миссиясының өкілі Петр Фризен таңертеңгіліктен бері бірнеше сайлау учаскелерін аралап үлгергенін, әзірге ешқандай заң бұзушылық байқалмағанын жеткізді. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz