11 Маусым, 2015

Батыс Қазақстан тұрғыны салмағы 45 кило тартатын балық ұстады (фото)

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-06-2015-oral suret01ОРАЛ. 11 маусым. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайыновтың қармағына алып жайын ілінді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бізбен әңгімесінде Аслан:«Жалпы мен балық аулауды кәсіп еткен емеспін. Тек қол босағанда ауыл іргесіндегі өзенге қармақ салып. Азын-аулақ түскен майда балықтарға қанағат етіп жүре беремін. Ойламаған жерден үлкен жайын ұстап алғаным – сондай күндердің бірі еді. Қармағыма бақа байлап салып қойған едім. Қасымда ешкім жоқ. Қаннен қаперсіз отырдым. Бір кезде қармағыма балық түскенін байқадым. Әйтсе де оған екі-үш келі олжа шығар деп онша көңіл бөле қоймадым. Дегенмен, қармағымды тартып қарасам, бірден ауырлап сала берді. Тартайын десем әлім жететін емес. Содан соң айқайлап ауылдастарымды көмекке шақырдым. Алайда ешкім келе қоймады. Алысып жүріп алып жайынды әрең жағаға шығардым. Сол уақытта ғана қасыма көршілерім келді. Бәрі таң қалып жатыр. Үйге сүйреп әкеліп, өлшеп қарағанда жайынның ұзындығы 2 метр, салмағы 45 кило тартты», – деп, бұл өміріндегі қармақпен ұстаған ең үлкен балық екенін айтты. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz. 11-06-2015-Oral 01 11-06-2015-Oral 02 11-06-2015-Oral 03 11-06-2015-Oral 04