ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Қостанайда ақ жаңбырға қарамастан сайлаушылар сағат таңғы 7.00- де сайлау учаскелерінің алдында тұрды. Шырқалған ән, музыка азаматтық ұстанымдарын көрсетуге асыққан қостанайлықтардың көңіл-күйін көтере түскендей. Түске қарай сайлау учаскелеріне ағылған сайлаушылар қарасы көбейе түсті. Сағат 12.00-де облыс бойынша барлық сайлаушылардың 55 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай облысындағы барлық сайлау учас келерінде дауыс беру сағат 7-ден басталды. Оларда еліміздің Гимні ойналды, сайлау учаскесі салтанатты ашылды. Сосын әркім таңдауын жасауға кірісті. №3 сайлау учаскесіндегі ұйымдастырушылар алғашқы дауыс бергендерге сыйлық үлестірді. «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эргашвой әкә Холметов қыздардың қолынан сыйлық алып тұрып: «Алла тағала ерте тұрғанға несібе шашады» деген ғой халқымыз. Бүгін таңалакеугімнен тұрдым. Сайлау учаскесіне бірінші болып келдім. Ұлттық шапанымды, алатопымды киіп алдым. Бүгінгі күн мереке, еліміздің, мемлекетіміздің басшысын сайлап аламыз. Бұл халықтың несібесі емес пе?!», деді ол.
Осы сайлау учаскесіне таңертеңнен жастар да ағылып келді. «Менің жасым 20-да. Менің жасым осылай сәйкес келді. Бүгін өмірімде бірінші рет сайлауға дауыс бердім, өз қалауымды жасадым. Дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін», - дейді мемлкеттік қызметші Нұрлан Близбаев.
«Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалынан келген байқаушы Виктор Фисенко осы сайлау учаскесіне таңертеңгі сағат 6 болмай келіпті. « Сайлау учаскесі ашылғанша далада күтіп тұрдым. Маған Қазақстан Президенті сайлауында байқаушылық міндеттің тапсырылуы үлкен мәртебе, жауапкершілік. Қазір қарап отырмын, барлығы да қалыпша өтіп жатыр. Қалалықтардың белсенділігі өте жоғары»,- дейді Виктор Николаевич.
Біз түске дейін бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтық. Барлығында да да сайлаушылар көп келіп жатыр, бюллетень беріп үлгере алмай, иірілген кезек. Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова түскі сағат 12.00-де облыстағы барлық сайлаушылардың 55 пайызынан астамы дауыс беріп, өз таңдайуын жасап үлгергенін хабарлады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz