Экология • 02 Шілде, 2024

Экологиялық жобаларды жүзеге асырады

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы тазалық сақтау бағытындағы жаңа жобаларға бастама болды. Акция аясында тонналап қоқыс шығарып, шалғайдағы тарихи-мәдени орындарды да қалдықтардан арылтқан Маңғыстауда «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ жаңа экологиялық жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.

Экологиялық жобаларды жүзеге асырады

«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды үш экологиялық жобаны іске қосты.

«Эко Revolut: жарқын болашаққа арналған инновациялар» және «Экокөзқарас: Маңғыстау облысындағы табиғатқа қамқорлық» жобалары қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жақсартуға, суды пайдалану тиімділігін арттыруға, облыс тұрғындары арасында экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру мен табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Аталған жобаларды жүзеге асыру барысында Маңғыстаудың бірегей табиғи аумақтарын тазарту бойынша 200-ден астам еріктінің қатысуымен бірнеше акция өткізілді. Сондай-ақ жазғы демалыста макулатура жинау бойынша «Экооқушы» байқауы өтіп, оған белсене қатысқандар қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Сонымен қатар Ақтауда «Ең үлгілі аула», «Ең таза кіреберіс», «Ең үлгілі тұрғын үй», «Ең үздік тазалықшы» анықталып, еңбегіне лайықты сый-құрмет көрді.

Маңғыстау облысы