Аймақтар • 02 Шілде, 2024

Шымкенттегі базарлардың бірінен өрт шықты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент базарларының бірін өрт шарпыды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі базарлардың бірінен өрт шықты

Фото: ТЖМ

«Шымкент қаласында өрт сөндірушілер базардағы өртті сөндіріп жатыр», делінген хабарламада.

Кейінірек департамент 6 сауда бутигінің өртеніп, 2 көлікке зақым келгенін хабарлады.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 280 шаршы метр аумақты шарпыған өрт екі сағаттың ішінде толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.