Оқиға • 02 Шілде, 2024

Ақтауда 10 млн теңге ұрлаған инкассатор өзіне оқ атқан

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өзіне оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда 10 млн теңге ұрлаған инкассатор өзіне оқ атқан

Фото: lada.kz

lada.kz мәліметінше, WhatsApp қолданушылары оқиғаның 14-ші шағын ауданда болғанын айтып хабарлама жолдаған. Ұрлықтан кейін ер адам ғимараттың жертөлесінде болып, қызметтік қаруымен өзіне оқ атқан.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен СОБР қызметкерлері жұмыс істеп, жертөлеге кіретін есікті қоршауға алған. Марқұмның 1981 жылы туған азамат екені анықталды.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады департамент өкілдері.

Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.