Спорт • 02 Шілде, 2024

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Фото: olympic.kz

Шпагамен семсерлесуден ерлер арасында Александр Федотов топ жарды. Қыздар арасында алматылық Мария Лесовская алтын медаль иеленді. 

Ерлер арасындағы командалық сында Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Әйелдер арасында командалық жарыс Алматы командасының жеңісімен аяқталды.