Фото: inbusiness.kz
Сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін қымбаттады.
Астанада және Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында сұйытылған газдың литрі 76 теңгеден 84 теңгеге өсті. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкентте — 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында 54 теңгеден 59 теңгеге қымбаттады. Алматы қаласында, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында 81 теңгеден 89 теңгеге өзгерген.
Жамбыл облысында – литріне 78 теңге (71 теңге), Павлодар облысында 81 теңге (74 теңге) болды.
«Салыстырмалы түрде Ресейде бір литр газдың бағасы - 132 теңге, Әзербайжанда — 171 теңге, Тәжікстанда — 273 теңге. Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жетеді. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін», делінген министрлік хабарламасында.
Ведомоство баға көтерілуінің бірнеше себебін атады:
- сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмен;
- ТМД аумағында тұтыну күрт өскен;
- ТМД-да зауыттар өндіріске деген қызығушылығын жоғалтып жатыр;
- Қазақстанда ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі тіркелген.