11 Маусым, 2015

Қазақстанда педофилдерді піштіру туралы ұсыныс енгізілді

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

11-06-15-rastratcia-1

АСТАНА. 11 маусым. Қазақстанда қылмыс үстінде немесе соның әрекетінде қолға түскен педофилдерге сот жүзінде жаза кесумен бірге, оларды піштіруді қолданысқа енгізу туралы ұсыныс берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. «Піштіру даулы мәселе болғанымен, ол ерікті немесе еріксіз түрде, химиялық немесе ота жасау жолдарымен жасалатын сақтандыру шарасы болып табылады. Қазір көптеген елдерде, - олардың арасында Ресей де бар, - осы санаттағы қылмысты азайту бағытындағы жазалаудың бұл түрі заңға енгізілген және бірінші кезекте ол бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қолданылады», - деп мәлімдеді Қазақстан бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев Астанада өткен отырыс барысында. Ол ішкі істер, денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму органдарына бұл мәселені жан-жақты қарастыруды ұсынды. Исаев өз сөзінде қоғамнан зорлықшыларды шеттету шараларының жеткіліксіз болып отырғанын айтты. «Жыл сайын түрмеден жүздеген зорлықшы шығады және олар бұрынғы әдеттеріне қайта оралмайды деген ешқандай кепіл жоқ. Біздің кейбір қызметкерлердің осы қылмыс түрінің қайталануына қатысты дәлелі өте төмен, назарға іліге алмайды, себебі бұл қылмыстардың беймәлімдігі аса жоғары (...). Сондықтан оның себебін, психика патологиясын, садизмге бейімділігін анықтау үшін психологиялық-психиатриялық сараптамалар жасалуы керек, себебі, жылда 100-ге дейін зорлықшы түрмеден шығады», - деді бас прокурордың орынбасары. Ол өз сөзінде мынадай мысал келтірді: Өскеменде зорлау әрекеті үшін 2000 жылы сотталып, 2005 жылы түрмеден босап шыққан азамат бірнеше айдан кейін сол қылмысты қайта жасаған. 10 жыл түрмеде отырып, ақпанда шыққан ол екі аптадан кейін бүлдіршінді зорлаған болып шықты. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.