Фото: Көлік министрлігі
Министрлік мәлім еткендей, кездесу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде өтті. Қос тарап көлік инфрақұрылымы саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен екі ел арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейі үшін өзара ризашылықтарын білдірді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылып, қос тарап ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.