Спорт • 03 Шілде, 2024

Жылқыдан жүйрік желаяқ

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әрі мереке әрі бәсеке саналатын марафонның да түр-түрі бар. Мәселен, Ұлыбританияның Уэльс қаласында өтетін сайыста желаяқтар жылқылармен жарысады.

Жылқыдан жүйрік желаяқ

«Man vs Horse» деп аталатын марафон 1980 жылдан бастау алады. Ұзақтығы 42 шақырым жол бірде таулы, бірде жазық. Жарыс басталғалы жылқылар жеңіске жетіп келе жатты. Бірақ 2004 жылы мәре сызығын бірінші болып Хью Лобб есімді желаяқ кесіп өтті. Ал үш жылдан кейін оның жетістігін Флориан Халцингер қайталады. Мұндай марафондар ара-тұра Шотландияда, АҚШ-та, сондай-ақ Жаңа Зеландияда өткізіледі.