Үкімет • 03 Шілде, 2024

Су тасқыны: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді

Фото: media.kazgruz.kz

Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады. 

Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар. Бүгінде бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі. Осылайша, Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат шағын және орта бизнес мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше резервтен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында әуедегі электр беру желілерін қалпына келтіруге 2,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген еді.